Солтүстік Қазақстанда полицейлер тағы да апатқа ұшырады

Қыркүйек 9, 2025 - 17:24
Солтүстік Қазақстанда полицейлер тағы да апатқа ұшырады
Фото: Halyqstan Telegram-арнаcынан

Солтүстік Қазақстан облысында екі полицей қызметтік көлікпен кюветке түсіп кетті. Оқиға Көкшетау – Рузаевка республикалық трассасында таңғы сағат 5:55-те болған, деп жазады sadaq.kz.

Айыртау аудандық патрульдік полициясының қызметкерлері күрделі бұрылыстан өте алмай қалған. Екеуі де жарақат алды. Дәрігерлердің жедел көмегінен кейін бір полицей жеңіл жарақатпен үйіне жіберілді. Ал оның әріптесі ауыр жарақатпен Петропавлға жеткізілді: қол саусақтары сынған, басынан да жарақат алған. Қазір жағдайы ауыр. Алдын ала мәлімет бойынша, апат кезінде полицейлердің екеуі де сау болған.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын СҚО-да тағы екі полицей дәл осылай қызмет бабында жол апатынан қаза тапқан еді. Кеше оларды әріптестері мен туыстары соңғы сапарға шығарып салды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow