Сотта өтірік айтқан қазақстандық бас бостандығынан айырылды
Ақмола облысының Щучинск қаласында танысына жауапкершіліктен жалтаруға көмектеспек болып, сотта біле тұра жалған жауап берген куәгерге қатысты іс қаралды.
Прокуратураның мәліметінше, әкімшілік іс бойынша куәгер ретінде жауап алынған ер адам көлік тізгінінде басқа адам болғанын айтқан. Алайда іс материалдарындағы видеожазбалар оның сөзін теріске шығарып, рульде нақты кімнің отырғанын және оның кінәсін дәлелдеді.
Прокурордың өтінішхаты бойынша сот жеке қаулы шығарып, содан кейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 420-бабы (Біле тұра жалған айғақтар беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
«Алғашында сот ер адамға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған еді. Бірақ прокуратураның апелляциялық өтінішхаты бойынша облыстық сот сотталушының жеке басын және оның бұрын ауыр қылмыс үшін соттылығы болғанын ескере отырып, үкімді қайта қарады. Нәтижесінде жаза күшейтіліп, ол қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтеумен 2 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады Ақмола облысы сотының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, сотта немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде біле тұра жалған жауап беру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0