«Сөзім жоқ!»: Мәдина Сәдуақасова Дженнифер Лопес жайлы тосын пікір білдірді

Тамыз 12, 2025 - 00:00
«Сөзім жоқ!»: Мәдина Сәдуақасова Дженнифер Лопес жайлы тосын пікір білдірді
Фото: Instagram.com / sadvakasovamadina

Әнші Мәдина Сәдуақасова әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінен қандай әсер алып қайтқанын айтты, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Azattyq Rýhy порталына сілтеп,

«Сөзім жоқ! Бүгін Алматыны орталық стадионды @jlo келіп шайқап кетті! Сахнаға өте жақын тұрдым, әр мимикасы, ән айтқанда денесінің тітіркенгені, көзіне жас алғаны анық көрінді. @jlo өзінің жалындаған энергиясымен, биімен стадионға келген адамдарды есінен тандырды! 4 жылдан кейін 60 қа келеді деп кім айтады! Бір мін жоқ», - деп таңданды әнші.

Сәдуақасова концерттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. 

«Әлі алған әсерімнен шыға алмай жатырмын! Осындай әлемдік деңгейдегі өнер иелері елімізге келе берсін!», - деп түйіндеді ол.

Еске сала кетейік, кеше Ерке Есмахан Дженнифер Лопестен «ұялып» жүргенін айтып қалжыңдаған болатын.

«J.Lo да көзді қыздырып әлі жүр. Қайтса екен концерттерін аяқтап. Фигураны ойламай, өзіміз тыныш отырып ет асып жейтін», - деп әзілдеді әнші.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow