Су тасқынына дайынбыз ба? Петропавлда 2.5 млрд теңгеге салынған жаңа бөгетте жарық пайда болды
Петропавл қаласындағы жаңа қорғаныс бөгеттінде жарықшақтар анықталды. Бұл дамба Есіл өзені тасқынынан жақын маңдағы аудандарды қорғауға арналған, деп хабарлайды «24KZ» арнасы.
Жағдай қалай өрбіді?
Қорғаныс валын салу әлі аяқталмағанымен, бөгет бойында терең жарықтар пайда болды. Мердігер ұйымның айтуынша, бұл ақаулардың себебі – топырақтың шөгуі. Қазір зақымдалған аумақтарды ашып, бұзылу көлемін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
«Грунтты алып тастау, орнына инертті материал әкелу, оны қабаттап нығыздау жұмыстары атқарылады. Сонымен қатар, оң жақ беткейге қосымша кеңейту жүргізіледі. Жеке сектор бойынша шешім күтіп отырмыз. Кейбір шаруашылық құрылыстарды бұзу қажет болуы мүмкін», – деді мердігер ұйымның өкілі Виталий Петренко.
Тұрғындардың мәселесі Дамбаның жанында тұратын тұрғындарға құрылыс нысандарын бұзу қажеттігі туралы ресми хабарлама әлі түспеген. Жақын маңда орналасқан Мулинцевтер отбасы көктемгі су тасқынынан кейінгі қолдаудың жоқтығына және дамбаның жағдайына алаңдаушылық білдірді.
«Біз қазір комиссияны күтіп отырмыз. Енді не болатынын білмейміз. Өз күшімізбен қаражат тауып, бірдеңе жасап жатырмыз. Құжаттарымыз реттеліп, қараша айында дайын болды. Бірақ бізге көмек берілмеді. Енді дамбада жарықтар пайда болды. Бізді мұнда не үшін қалдырды?» – деп сұрақ қояды жергілікті тұрғын Елена Мулинцева.
Көктемде комиссия олардың үйін жөндеуге 10 млн теңге қажет деп бағалаған. Алайда құжаттардағы кемшіліктерге байланысты мемлекеттік көмек көрсетілмеген.
Бөгет құрылысы туралы мәліметтер Ұзындығы төрт шақырымнан асатын дамбаның құрылысына 2,5 млрд теңге бөлінген. Қазірге дейін демеушілік қаражаттың тек 500 млн теңгесі игерілген. Құрылыс толық аяқталмағандықтан, ТЖД, прокуратура, мердігер, жобалаушы, техникалық қадағалау және Петропавл қаласы әкімдігі өкілдері кірген комиссия жағдайды зерттеп, қосымша жұмыстардың қажеттілігін анықтауда.
«Қазіргі уақытта жұмыстың бір бөлігі аяқталмады. Комиссия зақымдарды тексеріп, қосымша қандай жұмыстар жүргізілетінін анықтайды», – деп түсіндірді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Сергей Мелехов.
Тұрғындардың үміті Жергілікті тұрғындар жағдай тез арада шешіліп, дамбаның олардың үйлерін су тасқынынан қорғауға қабілетті болатынына сенім білдіруде.
Сіздің реакцияңыз қандай?