«Сүйреп асып қойған»: Меркіде қайтыс болған жас келіншектің өліміне қатысты жаңа дерек шықты
Жамбыл облысы Меркі ауданында 8 айлық сәбиі бар жас келіншектің жұмбақ жағдайда қайтыс болуына қатысты жаңа мәліметтер шықты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұған дейін марқұмның отбасындағы жанжалдан кейін өз-өзіне қол жұмсағаны айтылған. Алайда оның жақындары бұл нұсқаға күмән келтіріп, өлімнің мән-жайын толық әрі жан-жақты тексеруді талап етіп отыр.
Марқұм қайтыс болар алдында құрбысына күйеуінен зорлық көргенін жазған. Атап айтқанда, әйел жолдасы оны «Барни» шоколадын жеп қойғаны үшін ұрып-соққанын айтып, ажырасу үшін ақша сұрағаны туралы хаттар тараған.
Оқиғаға қатысты марқұмның құрбысы әлеуметтік желіде жазба жариялап, оның денесінде көптеген жарақат болғанын мәлімдеді.
«Мадинаның денесінің сау-тамтығы жоқ, сүйреп асып қойған сияқты. Өзін өлтірген адамға ұқсамайды, шыны керек. Шашы қоқым-қоқым, аяғы сырылған. Арқасы сабалған, беті көкпеңбек», – деп жазды ол.
Қазіргі таңда марқұмның жақындары мен қоғам белсенділері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, өлімге қатысы бар адамдар болса, оларды заң аясында жауапқа тартуды талап етіп отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0