«Талақ айтып, шешесімен бірге қуып шықты»: Жанель Мақажан не себепті ажырасқанын ашық айтты

Қыркүйек 22, 2026 - 11:06
chat_bubble  0 visibility  34
«Талақ айтып, шешесімен бірге қуып шықты»: Жанель Мақажан не себепті ажырасқанын ашық айтты
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал актриса  Жанель Мақажан әлеуметтік желідегі парақшасында  оқырманының сұрағына жауап беріп, бұрынғы күйеуі Абай Асылханпен не себепті ажырасқанын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі бұрынғы жолдасының отбасы мүшелерінің ықпалынан шыға алмағанын және әйелі мен балаларын қорғамағанын мәлімдеді.

«Күйеуің сені, бала-шағаңды өз туыстарына талатып отырса, өз отбасын шын мәнінде қорғамаса, шешесінің, жанындағы психологтарының, достарының айтқанына еріп, саған талағын беріп, отбасын тастап кетсе… Бірақ ел алдында керемет әке, жардың бейнесінде жүрсе – қиын екен. Денсаулығыңның қалай нашарлап бара жатқанын да байқамай қалады екенсің. Шешесінен сепарация жоқ, өзіңе қарсы шығып, шешесімен бірге сені өз үйіңнен қуса, ол да оңай емес. Біз, әйелдер, сенеміз ғой, барымызды береміз: энергиямызды, ақшамызды, мотивациямызды. Екі дүниенің бақытын бірге көреміз деп барыңды саласың. Сол жерде ақымақ болғаныңды түсінесің. “Бәрі керемет болады” деген аңғал үмітпен жүресің. Одан қалды сені алдап, опасыздық жасаса, сатқындық жаныңды қатты ауыртады екен. Ерлі-зайыпты қол ұстасып, бәрін бірге жеңуге дайын болса, отбасын сақтап қалуға болады. Ал ерің отбасын емес, өз туыстарының айтқанын таңдап кетсе, одан не қайыр? Бұл – басы ғана. Бәрін айтсам, есеңгіреп, өмірде ешкімге сенбей кетесіздер», – деді Жанель Мақажан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 1
Қайғылы Қайғылы 1
Жарайсың Жарайсың 0