Танымал блогер Зубарев Алматыда қалған қоқыс үшін жұртты сынға алды

Әлеуметтік желіде Zubarefff нигімен танымал блогер Александр Зубарев өзінің телеграм арнасында Алматы тауларында неше жылдан бері жиналып қалған қоқысты көрсетіп, оны тастағандарға наразылық білдірген видео жариялады, деп жазады Sadaq.kz.
«Мен мына қоқысты қорық аумағында қалдырған әрбір адамға айтарым – сіздің үйіңізге де адамдар келіп, дәл солай істесін. Сол ғана», – деді Зубарев.
Александр Зубарев — Донецктен шыққан танымал блогер, стример және хореограф. 2015 жылдан бері Қытайда тұрады. 2021 жылы TikTok-та видео жариялап, әсіресе қытай тағамдары, оның ішінде пельмень туралы роликтері арқылы танымал болды. Қазір платформада оның 8,5 миллионнан астам жазылушысы бар.
Сіздің реакцияңыз қандай?






