Танымал журналист Назарбаевтың экс-құдасына ескерткіш қоюды ұсынды

Қаңтар 22, 2025 - 16:33
Танымал журналист Назарбаевтың экс-құдасына ескерткіш қоюды ұсынды

Журналист және футбол сарапшысы Айдын Қожахмет қызық мәлімдеме жасады. Ол Қайрат Боранбаевтың қазақстандық футболды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, оған ескерткіш қою керегін айтты, деп хабарлайды Offside.kz. 

«Егер саяси және басқа да қырларын алып тастап, тек футбол туралы айтатын болсақ, оның сіңірген еңбектері үшін мен қазір-ақ оған көзі тірісінде ескерткіш қоюға дауыс берер едім. Қазақстан футболына мұндай үлес қосқан ешкім жоқ», – дейді Қожахмет.

Қожахмет Боранбаевтың «Қайрат» футбол клубында құрған инфрақұрылым деңгейін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, клуб базасы мен «Қайрат» академиясы өзге клубтар үшін үлгі бола алады.

«Мен «Қайрат» базасында екі ай тұрдым. Бұл – фантастика! Еуропада мұндай супер жабдықталған базалар өте аз. «Қайрат» академиясы – ерекше дүние. Енді нәтижелеріне қараңыз: Достан Сатпаев «Челсиге» ауысты, Нұралы Әліп «Зенитте» ойнап жүр. Бұлардың барлығы – Академия түлектері», – деді ол.

Қожахмет, сонымен қатар, Боранбаевтың клубтың тұрақты қаржылық моделін құрудағы жетістіктері барын айтты. 

Қожахметтің пікірінше, Боранбаевтың тәжірибесі мен құрған құрылымы басқа қазақстандық клубтарға үлгі болуы керек, себебі «Қайрат» елдегі өздігінен жұмыс істей алатын жалғыз клуб болып қалып отыр.

Айта кетейік, 2023 жылы Қайрат Боранбаев аса ірі мөлшерде мемлекет қаражатын ұрлады және қылмыстық кірістерді заңдастырды деген күдікпен ұсталды. Тергеу деректері бойынша, 2019 жылы ол өз иелігіндегі "АзияГаз Шонжы" ЖШС арқылы газ жеткізу кезінде QazaqGaz ұлттық компаниясының қаражатын жымқырды, кейіннен ұрланған 14,5 млрд теңге мөлшеріндегі қаражат заңды кәсіпкерлік қызметтен алынған құсап дивидендтерді бөлу және төлеу түрінде заңдастырылған.

"Тергеу барысында келтірілген залал толық көлемде өтелді", делінген ҚМА хабарламасында.

Агенттік заңсыз кірістер есебінен сатып алынған шетелдік активтерді белгілеу және бұғаттау жұмыстарын жүргізіп жатқаны да айтылды. Кейіннен ол көптеген активін мемлекетке қайтара бастады. 

Мысалы былтыр қарашада Қайрат Боранбаевпен байланысты Қарағандыдағы фармацевтикалық зауыт бюджетке 105 миллион теңгені қайтарды. Бұл ақша бұрын "Спутник V" вакцинасының пайдаланылмаған дозалары үшін бөлінген

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow