Таразда мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған

Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз.

Қыркүйек 24, 2025 - 23:42
Таразда мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған
Фото: Pixabay.com

Тараз қаласында қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды sadaq.kz.

23 қыркүйек күні күндізгі уақытта болған бұл жағдай көпшілікті бейжай қалдырмады. Үйінен біраз уақытқа шыққан анасы оралғанда, қызын қора ішінде асулы күйде тапқан. Жедел жәрдем дереу жеткенімен, қыз балаға көмек көрсету мүмкін болмады.Медициналық қызметкерлер оның өмірден өткенін растады.

Қайтыс болған қыз — №26 мектептің 9-сынып оқушысы. Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалған.

Марқұм өңірде соңғы екі айда осындай жағдаймен көз жұмған жетінші оқушы болып отыр.

Облыстық білім басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, оқушы бұған дейін ешқандай есепте тұрмаған, оқу үлгерімі жақсы, тәртіп бұзбаған, сыныптастарымен және мұғалімдермен жақсы қарым-қатынаста болған. Қазіргі таңда арнайы психологиялық қолдау тобы құрылып, отбасына қажетті көмек көрсетілген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow