Таразда мектеп оқушысын ұрламақ болғандардың ағайынды екені айтылды

Ақпан 18, 2026 - 17:31
Ақпан 18, 2026 - 17:31
 0  2
Таразда мектеп оқушысын ұрламақ болғандардың ағайынды екені айтылды
Фото: видеодан скрин

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұған дейін Таразда автобус аялдамасында тұрған мектеп оқушысын ұрламақ болған екі ер адам ұсталғанын жазғанбыз. Жаға ұстатарлық оқиға күндіз болған. 

Балалар омбудсменінің ресми парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 13 жастағы қызды ұрламақ болғандар ағайынды нашақорлар екені белгілі болды. Бұл іс бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Айта кету керек, бұған дейін Түркістанда ер адам әйелінің қол-аяғын байлап, жындыханаға мәжбүрлеп қамаған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0