Таразда оқушыны қатарластары мектеп әжетханасында ұрып өлтірді

Қыркүйек 16, 2025 - 09:37
 0  28
Таразда оқушыны қатарластары мектеп әжетханасында ұрып өлтірді
Фото: istockphoto.com

Тараз қаласында оқушының өлімінен кейін жасөспірім қамауға алынды, деп хабарлайды Sadaq.kz

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған оқушы 9-шы сыныпта оқыған. Сыныптасы оны мектеп дәретханасында ұрған. Жамбыл облыстық полиция департаменті осы оқиға бойынша қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді.

"Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті жасөспірім ұсталып, уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Қазіргі кезде істің мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу шаралары атқарылып жатыр", - дейді полицейлер.

Қылмыстық іс 106-баптың 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекет) бойынша сегіз жылдан он екі жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0