«Батыс Украинаға әскер жіберетін болса, ОДКБ тиісті шара қабылдайды»: Тасмағамбетов Батысқа ескерту жасады

Наурыз 6, 2025 - 12:24
Наурыз 6, 2025 - 12:30
«Батыс Украинаға әскер жіберетін болса, ОДКБ тиісті шара қабылдайды»: Тасмағамбетов Батысқа ескерту жасады
Фото: Әшкере телеграм арнасы

Тасмағамбетов Еуропа елдеріне ескерту жасады, деп хабарлайды sadaq.kz сайты "Әшкере" телеграм каналына сілтеме жасап. 

Иманғали Тасмағамбетов "Известияға" сұхбат беріп, Еуропа мен Украина мәселесінде Мәскеудің сөзін сөйлепті.

Айтуынша, НАТО-ның Украинаға әскер жіберу жоспары өте-мөте қауіпті, әрі аймақтағы жағдайды шайқалтып жіберуі мүмкін. Имекең мұны "Еуропаның үлкен қателігі" деп бағалаған екен.

Батыс Украинаға әскер жіберетін болса, ОДКБ тиісті шара қабылдайды. Тасмағамбетов НАТО-ның Финляндия мен Норвегиядағы әскери белсенділігін сынап, "одақтың шекарасы 1500 шақырымға ұзарғанына" алаңдап отыр. Германия мен Францияның "ядролық зонтик" құруына қарсы.

Имекең мұны "аймақтық тұрақтылыққа қауіп төндіреді" деп Кремльдің сүйікті терминологиясымен түсіндіріпті.

"Украинаға әскер кіргізу? Мұндай қадам аймақтық қауіпсіздікке үлкен қатер төндіреді. Экономикалық және әлеуметтік мәселелерден шаршаған Еуропа халқы бұған көне қоюы екіталай. Егер мұндай бастама жүзеге асса, ОДКБ ұйымға мүше барлық мемлекеттердің келісімімен тиісті шара қабылдауға дайын", – дейді Бас хатшы.

Тасмағамбетов сөз арасында АҚШ пен Еуропа арасындағы қайшылыққа ерекше назар аударыпты. Оның айтуынша, АҚШ пен Еуропаның қорғаныс саясаты ендігі кезеңде екі түрлі траекторияға түсуі мүмкін.

"ОДКБ-ның болашағы? Армения ұйымнан алыстаған жоқ, келесі отырыс 2025 жылдың қараша айында Пішкекте өтеді", - дейді ол. 

ОДКБ басшысының қып-қызыл ресейшіл позициясы қазақтілді қауымды алаңдатып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow