Telegram иесі Павел Дуровқа халықаралық іздеу жарияланды

Шілде 29, 2026 - 11:40
app_badging Шілде 29, 2026 - 11:41
chat_bubble  0 visibility  4
Telegram иесі  Павел Дуровқа халықаралық іздеу жарияланды
Фото: TuckerCarlson / YouTube Павел Дуров

«ВКонтакте» әлеуметтік желісі мен Telegram халықаралық мессенджерін құрған танымал кәсіпкер, миллиардер Павел Дуровқа халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Павел Дуровқа террорлық әрекетке жәрдемдесуге байланысты қылмыстық бап бойынша айып тағылған.

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі айып тағуға Telegram әкімшілігінің бірқатар арна, чат және ботты өшірмегені негіз болғанын мәлімдеді. Ресей арнайы қызметінің нұсқасы бойынша, аталған ресурстарды Украина арнайы қызметтері Ресей аумағында диверсиялық және террорлық актілер дайындау, жаппай адам өлтіру әрекеттерін ұйымдастыру, сондай-ақ кибералаяқтық жасау мақсатында пайдаланған.

Ведомство өкілдері бұл ресурстардың қызметі көптеген адамның, соның ішінде әйелдер мен балалардың қаза болуына және миллиардтаған көлемде материалдық шығын келуіне әкеп соққанын алға тартып отыр.

Тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында Telegram әкімшілігінің басшысы П.Дуровқа Ресей Қылмыстық кодексінің 205.1-бабының 1.1-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша, яғни террорлық әрекетке жәрдемдесті деген айып тағылды. Оған халықаралық іздеу жарияланды, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылы 25 тамызда Telegram мессенджерінің негізін қалаушы миллиардер Павел Дуров Париж әуежайында ұсталып, қамауға алынған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0