Темірлан Анарбеков Мбаппені басып озды: Қазақстандық қақпашы Чемпиондар лигасында үздіктер көшін бастап тұр
Алматылық "Қайрат" командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасындағы үздік ойыншылар рейтингінде алғашқы орынға шығып, танымал француз жұлдызы Килиан Мбаппеден озып түсті.
SoftScore статистикалық порталының ақпаратына сәйкес, қазір қазақстандық қақпашының орташа көрсеткіші 8,90 балл болып отыр.Бұл нәтиженің арқасында ол ПСЖ футболшысы Дезери Дуэді (8,50) және "Реал Мадрид" шабуылшысы Мбаппені (8,33) артта қалдырды.
Турнир барысында Анарбеков төрт матчта қақпаға бағытталған соққылардың 21-ін сәтті қайтара білді. Осы сейвтерінің арқасында ол үздік үштікке енуге мүмкіндік алды. Тек "Марсельдің" қақпашысы Херенимо Рулли (33 сейв) және "Буде Глимт" ойыншысы Никита Хайкин (31 сейв) ғана одан жоғары тұр.
Топтық кезеңнің алтыншы турында "Олимпиакоспен" өткен матчта Анарбеков алғаш рет алаңға капитан ретінде командасын бастап шықты. Алайда бұл тартыста "Қайрат" 0:1 есебімен жеңілді. Бірақ УЕФА матчтың ең үздік ойыншысы Темірлан Анарбеков деп таныды. Ол жеті қауіпті соққыны тойтарып, сан мәрте қақпаны голдан аман сақтап қалды.
Нәтижесінде Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасында матчтың үздік ойыншысы атанған алғашқы қазақ футболшысы атанды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0