Тікелей эфирде мысықты тістеген ер адам айыппұл арқалады

Қыркүйек 22, 2026 - 17:28
chat_bubble  0 visibility  3
Тікелей эфирде мысықты тістеген ер адам айыппұл арқалады
Фото: Видеодан скрин

Қызылорда облысында TikTok-та тікелей эфир кезінде мысықты бірнеше рет тістеп, қинаған ер адам анықталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға 21 қыркүйекте болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның кішкентай мысықты тістегені, ал жанындағы қыздың көрермендерден сыйлық жіберуді сұрағаны көрінеді. Олар сыйлық түскен жағдайда ғана жануарды босататынын айтқан.

Полиция тексеру жүргізіп, күдіктіні анықтады. Ол Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ер адамға әкімшілік айыппұл салынып, ескерту жасалды. Полиция жануарларға қатыгездік көрсету заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды. Қазіргі уақытта үй жануары тірі әрі ешқандай зардап шекпеген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0