Тікелей эфирде Путинге тіл тигізген қазақ блогері қамауға алынды

Ресейде өткен сайлауды мойындамайтынын айтқан.

Наурыз 28, 2024 - 11:19
chat_bubble  0 visibility  307
Тікелей эфирде Путинге тіл тигізген қазақ блогері қамауға алынды
Фото: жеке мұрағаттан

Тікелей эфирде Ресей президенті туралы боғауыз сөйлеген Диас Кузаиров 15 тәулікке қамауға алынды, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Тілімен оқ жаудыратын атышулы блогерге “ұсақ бұзақылық” жасады деген айып тағылды. Ол тікелей эфирде Владимир Путинді әдепсіз сөзбен балағаттап, Ресейде өткен сайлауды мойындамайтынын айтты. 

Бұл жағдай әлеуметтік желілерге мониторинг жасап отыратын полицейлердің назарына іліккен. Ведомство тікелей эфирде боғауыз сөйлеуге жол жоқ деп ұйғарған. Блогердің өзі бейәдеп лексика қолданғанын жоққа шығарды. Диастың сөзінше, ол Путинге тіл тигізбегенін, тек “құйлы” деген сөзді қолданғанын атап өтті. 

Бірақ судья айыпталушыға сенбей, оны 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. Павлодар сотының мұндай үкімін бірінші болып kerek.pv телеграм-арнасы жариялады. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 1
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 1
😮 Жарайсың 0