Тоқаев бір топ спортшы мен бапкерді марапаттады

Қыркүйек 18, 2025 - 21:25
Тоқаев бір топ спортшы мен бапкерді марапаттады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ливерпуль қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатындағы (World Boxing) спорттық жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшы мен бапкерді марапаттады, деп хабарлайды sadaq.kz.

«Құрмет» орденімен:

1. Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің бокстан жаттықтырушысы Ислам Әбдірайымов;

2. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Аида Әбікеева;

3. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Алуа Балқыбекова;

4. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Наталья Богданова;

5. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің бокстан жаттықтырушысы Дастан Қабденов;

6. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының бокстан жаттықтырушысы Нұржан Насанов;

7. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Айбек Оралбай;

8. Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы № 12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ілияс Оралбеков;

9. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Махмұд Сабырхан;

10. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Төрехан Сабырхан;

11. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясы бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Елдос Сайдалин;

12. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясы бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов

13. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Санжар Тәшкенбай марапатталды. 

«Ерен еңбегі үшін» медалі:

1. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Виктория Графееваға;

2. Алматы қаласы спорт басқармасы № 6 Олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер мамандандырылған мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы Нұрлан Мұхамбетқалиевқа;

3. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Елдана Тәліповаға берілді.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Алғысы:

1. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының бокстан жаттықтырушысы Асқар Еркебаевқа;

2. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Назым Қызайбайға;

3. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының бокстан жаттықтырушысы Долкунжан Камековке жарияланды.

Президент бокстан Қазақстан ұлттық құрамасымен естелік суретке түсті.

Айта кетейік, Президент Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерін Әлем чемпионатындағы тамаша жеңісімен құттықтап, бұл еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow