Тоқаев Ердоғанды Тәуелсіздік сарайында қарсы алды

Мамыр 14, 2026 - 13:25
 0  16
Тоқаев Ердоғанды Тәуелсіздік сарайында қарсы алды
Фото: Ақорда

Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия көшбасшысын өзі күтіп алды. 

Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің истребителдері Түркия туын бейнелейтін қызыл және ақ түсті жолақтардан із тастап ұшты.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. 

Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0