Тоқаев Қазақстан Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс берді
Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
– Бүгін біздің еліміз үшін шын мәнінде тарихи күн. Біз алғаш рет бір палаталы Құрылтайға сайлау өткізіп жатырмыз. Бұл маңызды тарихи оқиға. Біртұтас ұлт болып бірігіп, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Барлығыңыз бұны жақсы білесіздер және болып жатқан өзгерістердің куәсісіздер. Біз айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алдық. Сонымен қатар, алда әлі де ауқымды жұмыс тұр, ал алдымызға қойған мақсаттар ерекше мәнге ие. Бүгінгі сайлау – осы үлкен жұмыстың бастамасы ғана, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0