Тоқаев қоры брокерлерге алданғандарға 500 мың теңгеден «таратуда»

Шілде 11, 2024 - 11:09
Шілде 11, 2024 - 11:10
Тоқаев қоры брокерлерге алданғандарға 500 мың теңгеден «таратуда»

Қазнетте инвестициялық және қаржылық алаяқтардың іс-әрекетінен зардап шеккендердің барлығына ақшаны қайтарып беретін Қор жарнамасы тағы да тарады. Бағдарламаны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев іске қосқан екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұнымен қоса, "Мамандар" 72 сағат ішінде алдын ала төлемсіз 500 мың теңгеден қайтаруға дайын.
Stopfake.kz сарапшылары, аталмыш ақпараттың жалған екенін айтып, сенбеуге шақыруда. 

«Бұл хабарламаға сенбеген жөн, оны Интернет-қылмыскерлер жасаған»,- делінген басылымда.

Жарнамада «Қазақстан халқына» қоры аталған. Бұл мемлекет басшысының тапсырмасымен 2022 жылдың қаңтарында құрылған ұйым. Алайда қор денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау саласындағы проблемаларды шешумен айналысады. Ол алаяқтардан зардап шеккендерге көмектеспейді, оның алдына мұндай міндет қойылмаған.

Алаяқтардан зардап шеккен қазақстандықтарға ақшаны қайтаратын жаңа бағдарлама туралы ақпарат ҚР Президентінің ресми порталында жоқ.

«Алаяқтар Қордың логотипі мен құрылымын қолдана отырып, ұқсас сайт жасаған. Бірақ мұқият қарасақ, порталдың жалған екендігін байқаймыз. Мұны домендік атауынан, мәтіндегі қателерден түсінуге болады. Сонымен қатар, портал тегін Tilda сайт құрастырушысының көмегімен әзірленген. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын жоғары білікті мамандар дайындайды. Олар бұл үшін тегін бағдарламаларды пайдаланбайды. Ресми парақшаларды жасағанда ең алдымен қауіпсіздікке баса назар аударылады, қарапайым сайт құрастырушысы мұны қамтамасыз ете алмайды»,-дейді Stopfake.kz сарапшылары.

Қорытындылай келе қазақстандықтарға үндеу жасалды. 

«Жеке деректеріңізді қалдырмас бұрын барлық ақпаратты мұқият оқып шығыңыз және талдаңыз. Жалған сайттар алдап, ақшаңызды иемдену мақсатында жасалады», деп жазды Stopfake.kz.

Сондай-ақ, Қазнетте «ҚазМұнайГаз» қазақстандықтарға 208 мың теңге көлімінде өтемақы төлей бастағаны туралы жалған ақпарат тарауда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow