Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

Қараша 13, 2025 - 15:06
 0  21
Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады
фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлады Ақорда.

14 қараша күні Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысады. Жиын барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.

"14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді", - деп жазылған хабарламада.

16 қарашада президент Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады.

17-19 қараша күндері Астанаға Эстония президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келеді. Ақордада мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылайды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0