Тоқаев Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады

Ақпан 23, 2026 - 15:04
chat_bubble  0 visibility  14
Тоқаев Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлайды Sadaq.kz. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті. 

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды.

Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0