Тоқаев Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заңға қол қойды

Наурыз 3, 2025 - 10:37
 0  52
Тоқаев Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заңға қол қойды
Акорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заңға қол қойды.

Заңға сәйкес, енді Түркістан қаласының ерекше мәртебесі заң бойынша бекітіледі. Сол бойынша қала еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі бекітілген.

Құжатта:

Тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;

археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;

тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;

қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;

археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;

мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;

қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;

тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;

мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;

туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0