«Тоқалын неге ертіп бармаған?»: Тұрсынбек Қабатов анасын құттықтады
Танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов анасын туған күніне арнайы құттықтап барды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесі анасына құшақ толы гүл сыйлап, ақ тілегін білдірген. Анасының баласын көргендегі қуанышты сәттері әлеуметтік желіде көпшіліктің көңілін елжіретті.
Алайда, видеоға пікір білдірген желі қолданушылары Тұрсынбектің анасына бұл жолы жалғыз барғанына назар аударды. Кейбірі оның бұрынғы жары Мөлдір мен балаларын еске алып, отбасы болып барған кездерін сағынғанын жазды.
«Жалғыз өзі не істеп жүр? Бала-шағамен бармай ма?!», «Мөлдір болғанда қасында бес баласымен әдемі болып барушы еді», «Анасы да қартайып қалыпты», «Тоқалы қайда?», «Мөлдір барда жанында жайнап жүретін еді», «Тым болмаса екінші отбасын ертіп баруы керек қой», «Соқа басы сопиып барыпты», – деп жазды желі қолданушылары.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0