«Топырақ жеп жүр»: Актриса Жанель Мақажанның жеріктігі жұрттың сынына ұшырады (ВИДЕО)

Қыркүйек 23, 2025 - 16:12
Қыркүйек 23, 2025 - 16:18
«Топырақ жеп жүр»: Актриса Жанель Мақажанның жеріктігі жұрттың сынына ұшырады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Танымал актриса Жанель Мақажанның жеріктігі жұрттың қызу талқысына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 
Актрисаның түсініксіз жеріктігін жолдасы Абай Асылхан көрсетті. 

“Кімде осындай жеріктік болды?! Көшеде тұрып жер иіскеп жатыр. Арыққа кіріп алды. Жаңа ғана бір видео көрдім. Бір әйел жеріктігі басылмай, кір сабын жеп жатыр”, – деп жазды Актер. 

Желі қолданушылары актрисаның әрекетін қызу талқылады. Бірі дұрыс десе, енді бірі еріккен адамның тірлігі екенін жазды. 

"Әйелдің жерік асын беру керек”, Енді көрсетпеген не қалды , сол да сөз болып па, жоқ бұлар ерекше адамдар ма?", "Жүре берсең көре бересің деген екен", "Топырақ жеп жүр”, “Кір сабынды иісіне жерік болған едім”, “Ол жерге адамдар қоқыс тастап кетеді”, “Бензиннің иісіне жерік болып едім”, – деп жазды көпшілік. 

@abay.asylkhan

Сіздердің әйелдеріңіз не затқа жерік болды????????????? ♬ Awkward Moments - AstroMusic

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow