Төрт адам қаза тапты: Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды

Қаңтар 16, 2026 - 09:37
 0  0
Төрт адам қаза тапты: Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды
Жол апатына ұшыраған автобус. Фото: Көлік министрлігі

Маңғыстау облысында салонында 50 адам болған жол автобус апатынна ұшырап, салдарынан төрт адам қаза тапты. Тағы үш адам зардап шеккен, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған Sadaq.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 16 қаңтарда шамамен сағат 01:03-те KZ-11 "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" автожолының 383-ші шақырымында Yutong маркалы жолаушылар автобусы жол апатына ұшыраған.

Автобус 2025 жылғы 19 желтоқсанда техникалық байқаудан өткен және CASPIAN TRANS CORPORATION LLC компаниясында тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытында келе жатқан автокөлік жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында төрт жолаушы қаза тауып, үш адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді.

Автобуста барлығы 50 адам болған. Аталған автожол учаскесі техникалық II санатқа жатады. Жол жамылғысы асфальтбетонды, жолдың ені 9 метрді құрайды, жол жамылғысында ақаулар анықталған жоқ. Жол белгілері бекітілген дислокацияға сәйкес толық көлемде орнатылған.

Оқиға тәуліктің қараңғы уақытында орын алған. Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік құралын 1985 жылы туған жүргізуші басқарған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы болған жерден шамамен 200 км бұрын екінші жүргізушіге ауысу жүзеге асырылған.

Аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаменті барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу шараларын жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0