Төрт адам көз жұмды: Алматы облысында қайғылы жағдай болды

Желтоқсан 9, 2025 - 14:13
 0  8
Төрт адам көз жұмды: Алматы облысында қайғылы жағдай болды
Фото: istockphoto.com

Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 4 адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 5 желтоқсан күні Алматы – Көкпек – Көктал – Шонжы автожолының 80-шақырымында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Audi A6 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0