Трамп: АҚШ пен Иран 3 тамызда келіссөз өткізеді

Тамыз 3, 2026 - 09:47
chat_bubble  0 visibility  1
Трамп: АҚШ пен Иран 3 тамызда келіссөз өткізеді
Фото: depositphotos.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздер 3 тамыз күні өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Оның айтуынша, бұл кездесу Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетіп, ықтимал қақтығыстың алдын алуға бағытталған. 

Трамп бұл туралы Air Force One ұшағында журналистермен әңгіме барысында айтты.

«Біз олармен келіссөз жүргіземіз. Кездесу ертең түстен кейін өтеді. Бұл көптеген адамның өмірін сақтап, жағдайдың ушығуына жол бермейді деп сенемін», – деді АҚШ президенті.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Трамп бұған дейін Иранға қарсы әскери операция жасау мүмкіндігі қарастырылғанын, алайда кейін бұл жоспардан бас тартылғанын жеткізді.

Оның сөзінше, мұндай шешімге Сауд Арабиясы, Катар және Біріккен Араб Әмірліктерінің өтініші де әсер еткен. Аталған елдер мәселені дипломатиялық жолмен шешуге мүмкіндік бар деп есептеген. 

Трамптың айтуынша, алдағы келіссөздерде Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігі мен Иранның ядролық бағдарламасы негізгі тақырыптардың бірі болады.

Сондай-ақ ол АҚШ пен Иран Ормуз бұғазына қатысты ортақ келісімге келгенін айтып, ендігі мақсат Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде мәмілеге қол жеткізу екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0