Трамп: Иранға қарсы операция жақын арада аяқталады

Наурыз 17, 2026 - 11:48
app_badging Наурыз 17, 2026 - 11:48
chat_bubble  0 visibility  1
Трамп: Иранға қарсы операция жақын арада аяқталады
Фото: AP Photo

Дональд Трамп АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы жақын арада аяқталатынын, алайда бұл осы аптада болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

Ақ үйде журналистердің сұрағына жауап берген Трамп:

«Менің ойымша, жақын арада аяқталады», - деді.

АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери науқанды 28 ақпанда бастаған. Шабуылдар барысында Тегеранды қоса алғанда, елдің бірқатар ірі қалалары нысанаға алынды.

Вашингтон бұл әрекеттерді Ираннан төнген зымыран және ядролық қауіптермен түсіндірді.

Өз кезегінде Иран жауап ретінде Израильге, сондай-ақ АҚШ-тың Таяу Шығыстағы бірқатар елдердегі әскери нысандарына қарсы операциялар жүргізе бастады.

Қақтығыстың одан әрі дамуы мен оның аяқталу мерзімі әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0