Трамп Иранға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Тамыз 2, 2026 - 14:57
chat_bubble  0 visibility  1
Трамп Иранға қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Фото: REUTERS / Kylie Cooper

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға қарсы жаңа әскери соққыларды кейінге шегергенін мәлімдеді, деп жазады Sadaq.kz.

Оның айтуынша, бұл шешім Тегеранға бейбіт келісімге қол қоюға тағы бір мүмкіндік беру мақсатында қабылданған.

Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында АҚШ-тың Иранға "Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болмаған әскери қуатпен" соққы жасауға толық дайын екенін айтты.

Сонымен бірге Иран мен Таяу Шығыстағы бірқатар мемлекет Вашингтоннан шабуылды уақытша тоқтатуды сұрағанын жеткізді. Оның сөзінше, тараптар ықтимал келісімнің негізгі параметрлері бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

Еске салайық, АҚШ-тың Иран аумағындағы нысандарға жасаған соңғы әуе соққылары сейсенбі күні жүзеге асқан болатын. Одан кейін америкалық БАҚ АҚШ пен Израиль Иранның мұнай өңдеу зауыттары мен электр стансаларына бағытталуы мүмкін жаңа операцияны әзірлеп жатқаны туралы хабарлаған еді.

"Әлемдегі тұрақтылық үшін және табысты әрі гүлденген Иранның болашағы үшін шабуылды тоқтатуға келістім. Бірақ бұл бейбіт келісімнің шұғыл жасалуына байланысты. Израиль де осы ұстанымды қолдайды", – деп жазды Дональд Трамп.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0