Трамп Иранның жаңа бейбіт ұсынысын қабылдамады
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның жаңа бейбіт ұсынысын қабылдамағанын мәлімдеді. Бұл жайлы ол израильдік Kan News басылымының журналисі Натан Гуттманға берген пікірінде айтты.
Трамптың сөзінше, ұсыныс толық зерделенгенімен, ол талаптарға сәйкес келмейді.
«Мен оны қарадым, барлығын зерттедім және бұл мен үшін қабылдауға келмейді», – деді ол телефон арқылы берген сұхбатында.
Сонымен қатар Truth Social әлеуметтік желісінде Ақ үй басшысы АҚШ пен Иран арасында келіссөздер оң бағытта жүріп жатқанын жазды.
Оның айтуынша, бұл келіссөздер барша тарап үшін тиімді нәтижеге алып келуі мүмкін.
Трамп сондай-ақ әскери операцияның «өте жақсы жүріп жатқанын» атап өтті.
Бұған дейін ол бомбалауды қайта бастамағанды жөн көретінін айтқанымен, мұндай нұсқаны толық жоққа шығармаған. БАҚ мәліметінше, ол Иранға қарсы ұзақ мерзімді блокада енгізуді де қарастырған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0