«Туған күнмен құттықтай алмайды»: Депутаттардың этикасы заңмен реттелетін болды
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Құрылтай депутаттарының этикалық нормаларын түсіндірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Айтуынша, алдағы уақытта Құрылтай сайланған кезде қабылданатын алғашқы құжаттардың бірі жан-жақты жазылған регламент болуы мүмкін.
"Негізінен мұндай құжат әр депутаттың үстелінде жататын құжат болады және онда бәрі нақты көрсетіледі. Яғни, қашан мәлімдеме жасауға болады, сөз сөйлеу қанша минутқа созылуы тиіс және тағы басқа талаптар. Қазіргі заңның өзінде депутаттарға Құрылтай мінберін жеке мәселелер үшін пайдалануға тыйым салынған нормалар бар", – деп атап өтті мәжілісмен.
Айдос Сарым тәртіп бұзған Құрылтай депутаттарына бірқатар шаралар қолданылатынын айтты. Оның сөзінше, айыппұл емес, бірнеше тәртіптік шара бар.
"Мәселен, ескерту беріледі немесе 1-3 отырысқа сөз алу құқығынан айырылады. Осылайша сұрақ қоя алмайды, депутаттық сауал жолдай алмайды. Яғни оған микрофон қоспайды. Бұл жаңа парламенттік саяси мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды институт болуы тиіс", – деді Мәжіліс депутаты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0