«Туысы жындыханаға жапты» делінген 5 баланың анасы баспаналы болды

Қараша 9, 2025 - 16:02
Қараша 9, 2025 - 11:44
«Туысы жындыханаға жапты» делінген 5 баланың анасы баспаналы болды
Фото: Жеке парақшасынан

Жүйке ауруына шалдықты деп емделген Жұлдыз Тлеу мен оның 5 баласы жаңа пәтерге көшті. Бұл туралы үйдің тұңғышы Құралай Есболатова өз парақшасында жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оның айтуынша, қоғамдық қор атынан пәтер берілді.

«Тосын сый болды. Көптен күткен күніміз. Керемет күннің, керемет өмірдің бастауы болып жатыр. Қазақ еліне алғыс айтамын. Бізді қолдап, осындай күнге жеткізді», — деді отбасының тұңғышы Құралай Есболатова.

Еске салсақ, Есболовтар отбасындағы 5 бала анасына араша сұрады. Олардың анасы Жұлдыз Тлеу өзінің жүйке ауруына шалдықпағанын растау үшін Алматыдағы емдеу орталығында тексерілді.

Алматы қаласындағы республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы дәл қазіргі кезде дені сау деп анықтама берді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow