Туыстары жындыханаға жатқызған көпбалалы ананың дені сау болып шықты

Қазан 24, 2025 - 09:59
Туыстары жындыханаға жатқызған көпбалалы ананың дені сау болып шықты
фото: видеодан скриншот

Отбасылық жанжалдан кейін психиатриялық ауруханаға жатқызылған Ақтөбе тұрғынының дені сау болып шықты. Көпбалалы ана үйіне перзенттеріне оралды, деп Sadaq.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, әйел адам 9-22 қазан күндері аралығында Алматы қаласындағы республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында жатқан.

Орталықтан шыққан кезде мамандар оған "дені сау" деген анықтама берді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері көпбалалы ананың 2026 жылдың сәуір айына дейін бақылауда болатынын хабарлады.

Әйел адамның балалары әзірге үлкен әпкесінің қамқорлығында болады. Алайда көпбалалы ана ата-ана құқығынан айырылған жоқ.

Отбасыны баспанамен қамту мәселесі Ақтөбе облысы әкімі Асхат Шахаровтың жеке бақылауында тұр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow