Түрген өзенінде су деңгейі көтеріліп, тұрғындар эвакуацияланды

Шілде 2, 2026 - 09:47
 0  10
Түрген өзенінде су деңгейі көтеріліп, тұрғындар эвакуацияланды
фото: видеодан скриншот

Алматы облысында нөсер жауын-шашыннан кейін Түрген шатқалындағы Түрген өзенінің су деңгейі күрт көтеріліп, Түрген – Ассы автожолының бірнеше учаскесін су шайып кетті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су басқан аумақта 17 киіз үй орналасқан. Сонымен қатар, «Водник» бау-бақша серіктестігінде төрт ауланы су басты. Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар 58 адамды, оның ішінде 21 баланы және 8 шетел азаматын қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Эвакуацияланған тұрғындарды тасымалдау үшін ТЖМ-нің вахталық көлігі ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар тәулік бойы жұмыс жүргізіп жатыр.

Мамандар сел қаупі бар учаскелерге үздіксіз мониторинг жүргізіп, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда. Табиғи апаттың салдарын жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар және басқа да қызметтердің 300-ге жуық қызметкері мен 44 бірлік техникасы жұмылдырылған. Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің тұрақты бақылауында.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0