«Түріңді жинашы»: Еркебұлан Тоқтар күзетшімен болған жанжалдың мән-жайын түсіндірді

Маусым 23, 2026 - 15:11
 0  11
«Түріңді жинашы»: Еркебұлан Тоқтар күзетшімен болған жанжалдың мән-жайын түсіндірді
Фото: Видеодан скрин

Танымал актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар кинотеатр күзетшісімен болған жанжалға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оның айтуынша, «Бейшара» фильмінің премьерасында ол көрермендермен суретке түскеннен кейін залға кірмек болған. Бірақ артынан еріп келе жатқан інісін күзет қызметкерлері өткізбей, дау сол жерде басталған.

«Қайтадан барып, інімді алып кетпек болдым. «Жігіттер, өткізе салыңдаршы, менімен бірге жүр» дедім. Бәлкім, ішіндегі біреуіне менің түрім ұнамай қалған болар. Маған «Түріңді жинашы» деді, сол сөзі қатты тиді», – деді ол.

Актер кейін жанжалды шешіп, кинотеатр күзетшілерімен келісімге келгенін айтты.

«Ашуға салынсаң, түймедей нәрсе түйедей болады. Сабырлық танытсаң, болмайтын нәрсе екеніне көзің жетеді. Ашу басылып сөйлесіп едік, жап-жақсы жігіттер екен»,– деп жазды актер.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0