Түркістан облысында 260 тонна мақта өртеніп кетті

Желтоқсан 15, 2025 - 09:16
 0  49
Түркістан облысында 260 тонна мақта өртеніп кетті
фото: видеодан скриншот

Түркістан облысы Отырар ауданында мақта зауытынан өрт шықты.

«2025 жылы 14 желтоқсан күні сағат 03:57–де Отырар ауданы, Темір ауылында мақта пунктінің ашық аумағында ауданы 360 шаршы метр аумақта жиналған мақта жанды. Жалпы салмағы — 260 тонна. Қоймада жалпы 4500 тонна мақта сақталған. Өрт сөндірушілер 4240 тонна мақтаның жануына жол бермеді. Өрт сағат 06:54–те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр», — делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта. 

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінен — 30 жеке құрам, 7 техника, ауыл құтқарушыларынан — 3 адам, 1 техника, орман шаруашылығынан — 3 адам, 1 техника және жергілікті атқарушы органнан — 15 адам, 4 су тасушы техника жұмылдырылды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0