Түркістан облысында немересі әжесін тонап кетті
Түркістан облысында жасөспірім өз әжесін 7 миллион теңгеге тонағаны анықталды.
Полицияның хабарлауынша, күдікті үйде болмаған сәтті пайдаланып, күндізгі уақытта қылмыс жасаған.
Оқиға бойынша жасалған тексеріс деректеріне сүйенсек, ол жатын бөлмедегі сейфті ашып, шамамен 3 миллион теңге қолма-қол ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған.
Жалпы шығын мөлшері 7 миллион теңгені құрады. Ұрланған әшекей бұйымдар күдікті сатуға шығарғаны анықталды.
Полиция және тергеу органдары заңға сәйкес барлық қажетті шараларды жүргізді. Күдіктінің жеке басы анықталып, дәлелдемелер тәркіленген. Іс сотқа жолданып, қаралуда.