Түркістан облысында полиция қызметкері қаза тапты

Наурыз 5, 2025 - 17:27
 0  47
Түркістан облысында полиция қызметкері қаза тапты
Фото: ІІМ

Түркістан облысында полиция қызметкері қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

Ведомство басшысының айтуынша, полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитов заң бұзушыны қудалау кезінде қаза болған.

«Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Түркістан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын», - делінген Ержан Сәденовтің жазбасында.

Осы ретте министр ведомство марқұмның отбасына қажетті қолдауды көрсететілетінін мәлім етті.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0