Түркия: Измирде жасөспірім полицияға қарулы шабуыл жасады – екі тәртіп сақшысы қаза тапты

Ол бұған дейін де тәртіп бұзғаны анықталды

Қыркүйек 8, 2025 - 16:46
Түркия: Измирде жасөспірім полицияға қарулы шабуыл жасады – екі тәртіп сақшысы қаза тапты
Фото: https://www.ntv.com.tr/

Түркияның Измир қаласында жасөспірім полиция бөлімшесіне қарулы шабуыл жасады. Салдарынан екі полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шабуыл жасаған 16 жастағы жасөспірім бетіне маска киіп, оқ атқан. БАҚ дерегінше, оны бұған дейін де полиция ұстаған, алайда кейін босатқан. Қайта қолға түскенде ол «полиция мені бұның алдында жәбірлеген, сондықтан, оқ аттым» деген. 

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая екі полиция қызметкерінің қаза тапқанын растады. Сонымен қатар шабуыл кезінде тағы екі адам жарақат алған, олардың бірі ауыр жағдайда жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow