«Түтін шыққан»: Air Astana ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

Желтоқсан 17, 2025 - 09:33
 0  48
«Түтін шыққан»: Air Astana ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
Фото: Air Astana

Air Astana ұшағынан түтін шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды. Көлік министрлігі ұшақта болған оқиға туралы хабарлады.

"17 желтоқсанда сағат 07:38-де Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау барысында "Эйр Астана" пайдалануындағы Airbus A321N EI-KDG әуе кемесімен авиациялық оқиға орын алды. "Қазаэронавигация" РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің салонында түтін пайда болып, экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялады", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.

Ұшақ сағат 07:40-та қонды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әуежайының өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0