«Владимир Владимирович, сіз оларға өз орындарын көрсете аласыз ба?»: Блогер 3,9 жылға бас бостандығынан айырылды

Қараша 19, 2025 - 11:55
Қараша 19, 2025 - 12:10
«Владимир Владимирович, сіз оларға өз орындарын көрсете аласыз ба?»: Блогер 3,9 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: видеодан скрин

Желіде Қазақстанда Ресей туралы көзқарасымен және "Солтүстік Қазақ" деген атпен танымал блогер Аслан Төлегенов 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.

Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының мәліметінше, Төлегенов YouTube арнасында ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған видеороликтер жариялаған және саналы түрде жалған ақпарат таратқан. Блогер алғашында интернет-трансляция кезінде казақ ұлтына қатысты қорлау жасағаны үшін ұсталған. Кейін оған ұлтаралық араздықты қоздыру бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа тартылды.

Сотта ол өз кінәсін толық мойындаған. Іс қысқартылған тәртіпте қаралып, кінәсі сараптамалық қорытындылар, ұялы телефон тексерісі, интернет сайт материалдары және видеожазбалар арқылы дәлелденген. Сот үкіміне сәйкес Төлегенов орта қауіпсіздік режиміндегі колонияда жазасын өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Аслан Төлегенов өз мәлімдемесінде орыс тілінің тарихи және мәдени маңыздылығына тоқталып, туған елінің дамуына орыс халқының рөлін қорғауды мақсат еткенін айтты. 

"Мен Аслан Төлегенов, халқымның мүддесін қорғау үшін көп нәрсені қатерге тігіп, тіпті аз ғана айырылып, еркіндігімді де жоғалту қаупін көрген жанмын. Жергілікті ұлтшылдардың шабуылдарынан орыс халқын қорғауға тырыстым. "Орысфобияға" қарсы белсенді түрде шықтым, туған елімнің дамуына орыс халқының тарихи рөлін қорғадым. Сәлеметсіз бе, Владимир Владимирович. Иә, бұл жерде "орысфобтар" тоқтайтын емес, пікірлерде қорлайды. Владимир Владимирович, сіз оларға өз орындарын көрсете аласыз ба? Орыс тілі – менің ана тілім, ол менің жанымды орап алған тіл. Егер маған осы тілде сөйлеуге тыйым салынса, бұл менің жанымды тартып алу сияқты болады. Қазақтың ұлы ағартушысы Табақұлы Намбаев айтқандай, орыс тілі бізге әлемді ашатын кілт береді, орыс тілі – сөздің қазынасы. Халықаралық деңгейде орыс тілінің ұлы мерекесі аталып өтеді", - делінген автордың мәлімдемесінде.

Асқар Төлегеновтің айтуынша, орыс тілі – маңызды мәдени құндылық, орысша сөйлейтін және ойлайтын адамдарды біріктіретін тіл. Осы тілде Достоевский, Тургенев, Лермонтов, Гоголь, Толстой өз шығармаларын жазған. Сондай-ақ, Кутузов, Суворов сияқты ұлы қолбасшылар орыс тілінде жеңіс стратегияларын жасаған. Орыс тілінде Юрий Гагарин ғарышқа ұшып бара жатып, әйгілі сөзін айтқан дейді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow