Ұлттық қордың қаржысы тексеріледі

Ақпан 24, 2025 - 10:47
Ақпан 24, 2025 - 11:14
Ұлттық қордың қаржысы тексеріледі
kapital.kz

Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғанын тексеретін комиссияның жұмысы қайта жанданатын болды, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Аталмыш компания 2014 жылы құрылып, Ұлттық банк құрамында жұмыс істеді. 2020 жылыкомиссияның жұмысы Жоғары аудиторлық палатаға өткен еді. Енді Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында комиссияның қызметі жаңартылған форматта және жаңа құраммен жалғаспақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық қордың ерекше рөлі мен маңызына тоқталып, "Қордың қаражатын, ең алдымен, мемлекет мүддесі үшін, яғни еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалану қажет. Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек. Ұлттық қор – ұзақ мерзімге арналған макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін аса маңызды құрал. Сондықтан оны тиімді басқару қажет", - деген еді.

Осыған байланысты Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Жоғары аудиторлық палатада комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында комиссия төрағасы Әлихан Смайылов Ұлттық қор қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу тәсілдері өзектендірілетінін айтты.

"Комиссияның жұмысын қайта бастауымыз керек. Ведомствоаралық іс-қимыл мен Ұлттық қор қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жауапкершілік аймақтарын нақты айқындау қажет", - деді Әлихан Смайылов.

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына байланысты да жұртшылықтың Ұлттық қорды ұтымды пайдалануға назары күшейіп отыр.

"Ұлттық қордан алынатын трансферттерден экономикалық қайтарым болуы қажет. Ұлттық қор мемлекеттік маңызды емес міндеттерге пайдаланылмауға тиіс. Мемлекет басшысы осындай міндет қойды", - деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.

Әлихан Смайылов алдағы кезеңге арналған міндеттерді атап өтті:

Ұлттық қордан экономиканы жеңілдетілген шарттармен қолдауға бөлінген қаражатқа тексеру жүргізу;
Ұлттық қор қаражатын неғұрлым басым бағыттарға қайта бөлу немесе оларды қайтару жөнінде ұсыныстар беру.
Отырыс барысында комиссия құрамын жаңарту, оның қызметін жаңа форматта регламенттеу, қорытындылардың сапасын арттыру және т. б. мәселелер талқыланды.

ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия консультативтік-кеңесші орган саналады. Ол Президенттің өкімімен 2014 жылы құрылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow