«Үмітімді ақтады»: білім грантын иеленген жастардың қуанышы жұртты жылатты

Тамыз 8, 2025 - 09:50
Тамыз 8, 2025 - 10:27
«Үмітімді ақтады»: білім грантын иеленген жастардың қуанышы жұртты жылатты
фото: видеодан скриншот

Бүгін Қазақстанда білім грантын иеленгендердің тізімі жарияланды. Желіде грант ұтып алған жастардың қуанышты сәтінен түсірілген видеолар жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода жастардың қуаныштан жылағанын, секіріп қуанғаны, бірін-бірі құшаған сәттерін байқауға болады. Мектеп бітірген түлектер мен өзге де жастар үшін бүгінгі грант тізімі жарияланған сәт ерекше сезімге толы болған анық.

Айта кетейік, биыл 77 мыңнан астам мемлекеттік білім гранты бөлінді. Сонымен қатар, 113 мыңға жуық талапкер конкурсқа қатысты, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow