Үндістан мен Пәкістан арасында 2-4 күн ішінде соғыс басталуы мүмкін

Сәуір 29, 2025 - 09:47
Үндістан мен Пәкістан арасында 2-4 күн ішінде соғыс басталуы мүмкін
Фото: ТАСС

Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Асиф алдағы 2-4 күн ішінде Үндістанмен соғыс басталу қаупі бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы пәкістандық Dawn газеті хабарлады, деп жазады ТАСС.

 – Біз моральдық тұрғыдан дайын болуымыз керек, алдыда соғыс қаупі төніп тұр. Ол тіпті алдағы бір-екі, үш немесе төрт күн ішінде басталуы мүмкін деген қауіп бар, – деді министр.

Алайда ол өз мәлімдемесін соғыстың міндетті түрде басталатыны туралы болжам деп қабылдамау керек екенін, тек алдағы күндердің шешуші болатынын ескерткенін түсіндірді.

Хаваджа Асифтің айтуынша, егер Пәкістанның егемендігіне қауіп төнсе немесе елге әскери эмбарго қойылса, Пәкістан кез келген әскери әрекетке 100% дайын.

Министр сондай-ақ өңірдегі басқа елдер даулы жағдайларды болдырмауға және шиеленісті азайтуға күш салып жатқанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow