Үндістанда көп адам жиналған митингіде 38 адам қаза тапты

Құрбандардың ішінде 10 бала бар

Қыркүйек 28, 2025 - 16:09
Қыркүйек 28, 2025 - 18:09
Үндістанда көп адам жиналған митингіде 38 адам қаза тапты
Фото: © istockphoto.com

Оңтүстік Үндістанның Тамилнад штатында өткен саяси митинг кезінде болған қайғылы оқиға 38 адамның өмірін қиды. Құрбандардың ішінде 10 бала бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «РИА Новостиге» сілтеме жасап.

Митингідегі қайғылы оқиға

Трагедия актер әрі саясаткер Джозеф Виджая Чандрасекара ұйымдастырған жиында болды. Үндістан халқы оны «халық қаһарманы» деп атайды.

Ұйымдастырушылар бастапқыда 10 мың адам жиналады деп күткен. Алайда алаңға 27 мыңға жуық адам келіп, жағдай бақылаудан шыққан. Көпшілік Виджайдың кешігіп келуін күтіп, бірнеше сағат бойы аптап ыстықта сусыз, тамақсыз тұрған.

Сол сәтте басталған қатты давка салдарынан ондаған адам жан тапсырды, тағы бірнеше адам түрлі жарақат алды.

Ресми реакция

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Ол бұл жағдайды «трагедиялық әрі қайғылы оқиға» деп сипаттады.

«Біз үшін әрбір адамның өмірі қымбат. Құрбандардың туыстарына жан-жақты қолдау көрсетіледі», – деді Моди.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow