«Ұрғашылар, тойда музыка болмасын, әншілер шайтан»: Роза Әлқожа ақсақалдың сөзіне күйінді (ВИДЕО)
Белгілі әнші Роза Әлқожа желідегі парақшасында күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесі халыққа өз ренішін жеткізген. Айтуынша, тойлардың бірінде әншіге молда тіл тигізіп, төмендеткен.
"Дүмше молда дін бұзар!”. Кеш жарық! Біздің Жетісай бұрыннан имандылық пен дәстүрдің мекені. Үлкен жиын болмаса жай отырыста онсыз да ер мен әйел бөлініп отырады. Қанша тапса да қанағат тұтатын, қонағын құдайындай сыйлайтын қонақжай ел. Қожасын пайғамбардың әулеті деп қадірлеген ел. Той иесі алтын құрсақты ана болсын деп ырым етіп, келін сәлем жасатқан. Біз де арнайы бардық сол үшін. Бірақ, құдалар тойға келмепті. Келін былайша сәлем салмайды екен. Ал мынау нағашылар жағынан шыққан ақсақал-сымақтың сөзі. Ханафи мәзхабымен жүрген аңқау елге арамза молда қайдан шыққан? Мені қойшы, тұтас музыканы харам деп тұрғаны қалай кетті? Ақшасын берді деп айыптағанға үндемей кете береміз бе? Кезінде пайғамбарымыз с.ғ.с Айша анамызға ән салдырған деген сөзді мына кісі естімеген бе? Сонда кейбіреулер дін деп осынша төмендеп, басқа ағымға еріп кеткен бе? Төркінге барып тұрған қызға менің ағаларым бұлай сөйлемеуші еді, қайдан келген қырт? Кім біледі? Жетісай әкімшілігі ішкі саяси, діни ахуалды бақылайтын ешкім жоқ па? Маған жасаған буллинг үшін жауап бола ма? Жеке басқа тиісу, қорлау бойынша қандай бап бар? Заңгерлер болса жаза отырыңыздар! Ал, мұсылманда ше? Мұсылманның көңілін қалдыру қағбаны қиратқанмен тең деуші еді?!. 1. Төркінге барып тұрған қызбын. 2. Алыстан келіп тұрған жолаушымын. 3. Ілім қонған елдің ұрпағымын. Мен кешкенмен аруақ кеше ме? 4. Той иесінің арнайы шақырған сыйлы қонағымын. Пәтуасын сіздер айтыңыздар!", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары Розаны қолдап, түрлі пікір қалдырды.
"Шындық қашан да ащы болады", "Неге жүр тойда бұл кісі?", "Тойда музыка болмаса аза тұтуға барамыз ба", "Осындайлар жастардың миын улап бітті", "Мынаны тойға шақырмау керек", "Шариғаттың атын жамылып алып", - деп жазды оқырмандар.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0