«Заң алдында жауап береді»: Майя Бекбаева өзіне тағылған айыптың әдейі ұйымдастырылғанын айтты

Мамыр 16, 2025 - 17:37
«Заң алдында жауап береді»: Майя Бекбаева өзіне тағылған айыптың әдейі ұйымдастырылғанын айтты
Фото: instagram.com/mayabekbayeva

Журналист Майя Бекбаеваның деректі фильмдерінің бірінен үзінді видео тарап, қоғамда дау тудырған еді. Онда Майя Бекбаева Алаш зиялыларының тек орыс әйелдерін алғанын айтқан. Қоғам белсенділері оны "қазақ әйелдерін кемсіту" деп санады, деп хабарлайды sadaq.kz.

«В определённый период истории они были неконкурентоспособны. Потому что мужчинам — представителям казахской интеллигенции, образованным, увлечённым высокими целями — не нужны были рядом просто домработницы и кухарки. Они искали женщин, способных быть не только жёнами, но и единомышленницами, с которыми можно было не только интересно побеседовать, но и получить ценный, мудрый совет… Как говорится, любовь предпочитает равных», - деді ол видеода.

Алғашқылардың бірі болып журналист Мұхтар Түменбай Майя Бекбаеваны «қазақтың әйелдерін қорлады» деп айыптаған еді.

“Мына журналистсымақ видеосында сол кездері қазақ әйелдерінің орыс әйелдерімен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз болғанын айтып отыр. Қазақ тарихына қатысты бірнеше видео түсірдің екен деп, енді қазақтардың аралас некесі туралы пікір айтуға хақың бар деп ойлайсың ба? Сен алашордашылар өздеріне тең келетін әйелдерді іздеді дейсің. Қазақ әйелдері сол талаптарға сай болмады, бәсекеге қабілетсіз еді дейсің», – деп жазды Мұхтар Түменбай.

Ал, тарихшы-ғалым Амантай Исин журналист Майя Бекбаеваға «жалған сенсация ретінде ұсынатын фильмдерін түсіруге тоқтатуға» кеңес берді.

”Құрметті Майя Бекбаеваға тарихи тақырыптарға байланысты, өзі терең түсінбейтін, жалған сенсация ретінде ұсынылатын фильмдер түсіруін тоқтату қажет. Мұндай материалдар академиялық, академиялық емес және аралас бағыттағы тарихшылар арасындағы келіспеушіліктер мен өшпенділікті күшейтеді. Сонымен қатар, мұндай әрекеттер тарих ғылымының өзіне дақ түсіріп, фолк-хистори мен шын мәнінде тарихқа қатысы жоқ, жалған патриоттық көзқарастардың өршуіне жол ашады», — деп жазды тарихшы-ғалым.

Ал Майя Бекбаеваның өзі бұны өзіне жасалған ақпараттық шабуыл екенін мәлімдеді. 

"Құрметті достар, менің атыма әдейі ұйымдастырылған ақпараттық шабуыл жүріп жатыр. Контекстен жұлып алып, сөздерімді бұрмалап, монтаждалған видеолар таратылып жатыр. Бұл жалған әрі қасақана жасалған әрекет деп білемін. Жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап береді. Мені жамандап жатқан себебі қазақ халқының тарихы жайлы бұрын айтылмаған тақырыптарды көтеріп жүргенім. Мені танитын, жұмысымды білетін мыңдаған адамдар менің өз халқымды қорлайтындай сөз айтуым мүмкін емес екенін біледі. Себебі, бұл ақылға қонымсыз. Кейбір әлеуметтік желідегі жазбалар әдейі қаралау алаңына айналғандай. Ашық пікір қалдыру арқылы жаман сөздер айтылып жатыр. Бұл пікірталас емес, әдейі ұйымдастырылған жаппай шабуыл. Қазір ресми жауап дайындап жатырмын. Барлығына нүкте қойылады", деп жазды ол өз парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Майя Бекбаева (@mayabekbayeva)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow