Зеленский мен Трамп телефон арқылы сөйлесті

Тамыз 5, 2025 - 23:30
 0  37
Зеленский мен Трамп телефон арқылы сөйлесті
Фото: oxu.az
Украина президенті 5 тамызда Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл туралы ол Telegram-арнасында жазды.

«Президент Трамппен өнімді әңгіме болды. Ең бастысы – соғысты тоқтату. Әділ және ұзақмерзімді бейбітшілік орнатуға бағытталған барлық күш-жігері үшін АҚШ президентіне алғыс айтамыз. Шынымен де, адам өлімін мүмкіндігінше тезірек тоқтату керек, біз бұны толық қолдаймыз. Егер ресейліктер созбаса, бірнеше ай бұрын-ақ соғыс аяқталуы мүмкін еді», – деді Зеленский.

Оның айтуынша, бүгін олар Украина мен АҚШ-тың ұстанымдарын үйлестірген.

«Біздің қорғанысымызға көмектесе алатын бірлескен еуропалық шешімдерді талқыладық. Қазірдің өзінде Нидерланд, Швеция, Норвегия және Даниядан – АҚШ қаруына бөлінетін 1 миллиард доллардан астам көмек туралы шешімдер қабылданды. Рақмет! НАТО елдерімен бұл ынтымақтастық жалғасады», – деп қосты Украина президенті.

Бұған дейін Трамп Ресейге Украинадағы қақтығысты реттеу үшін 10-12 күн бергені хабарланған.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0