Зеленский соғыстың қашан аяқталатынын айтты
Украина президенті Владимир Зеленский Жоғарғы рададағы "Слуга народа" фракциясының депутаттарымен кездесу барысында соғыстың негізгі кезеңін қараша айына дейін аяқтау мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Кездесуге қатысқан депутат Ольга Василевская-Смаглюк Telegram-дағы парақшасында президенттің тиісті қауіпсіздік кепілдіктері ұсынылған жағдайда соғыстың негізгі кезеңін қарашаға дейін аяқтау нұсқасын қарастырып отырғанын жазды. Оның айтуынша, қазіргі таңда Украина майданда белгілі бір басымдыққа ие және оны тиімді пайдалану маңызды. Сондай-ақ басты мақсат – Ресейдің уақытша үзіліс алып, кейін қайтадан соғыс қимылдарын бастауына жол бермеу.
Ал "Голос" фракциясының депутаты Ярослав Железняк президентпен кездесуде соғыстың аяқталуы мүмкін мерзімі аталғанын, алайда мұндай болжамдардың бұған дейін де бірнеше рет айтылып, орындалмағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл жолы 2026 жылдың қарашасы аталғанымен, кездесуге қатысушылардың көбі оған сенім білдіре қоймаған.
Кейін Зеленский видеомәлімдеме жасап, депутаттармен кездесуде алдағы апталар мен жақын күндердегі маңызды мәселелер талқыланғанын айтты. Алайда әңгіменің өзге егжей-тегжейін жарияламады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0